Бүкіләлемдік бокс кеңесі 2017 жылдың үздік боксшысын атады

/uploads/thumbnail/20180110130550180_small.jpg

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп таныды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасай отырып.

Бұл атаққа Головкиннен бөлек таиландтық Висаксил Вангек, америкалықтар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло және Деонтей Уайлдер үміткер болған.

Ал 2017 жылы қыркүйекте өткен Головкин мен Альварес кездесуі "өткен жылдың ең үздік жекпе-жегі" номинициясын алды. Жеңімпаздар WBC сайтында дауыс беру арқылы анықталды.

35 жастағы Головкин кәсіпқой бокста 38-кездесу өткізіп, бір рет тең түскен. 37 кездесуде жеңіске жеткен. Головкин - WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи